ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бекіткен оқу бағдарламасының аясында Қарағанды қалалық №1-мешітінің діни сауат ашу курсындағы шәкірттермен бағдарламаның мақсаты мен жетілдірілген міндеттері турасында түсіндірме жұмыстары жасалды. Бағдарламада «Бүгінгі таңда өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде өз уақытында дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, мақсатын айқындату жауапкершілігі зор міндеттердің бірі. Тәрбиеленушілердің Ханафи мазхабына сай діни сауатын ашу, ұлттық дүниетанымға баулып, салт-дәстүрге деген құрметін, білімге, ғылымға, рухани адамгершілікке, еліміздің тарихына деген қызығушылығын және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру» деп көрсетілген жолдары бар. Осы тарауларды наиб имам Ермахан Оралбай шәкірттерге кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, заман талабына сәйкес мұсылман қауымының оқырмандарына кеңінен тарала бастаған республикалық рухани ағартушылық «е Islam» газеті бес уақыт намазға келетін жамағатқа тегін таратылды. Мешітіміздегі рухани бағыттағы іс-шаралар осындай жүйемен жалғасып жатыр.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер