Теміртау қаласына қарасты күзет полиция бөлімі өзекті мәселеге айналған суицидтің алдын алу мақсатында бірқатар жиындар мен халыққа түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізген болатын. Осы бағыттың негізінде бөлім қызметкерлерімен арнайы кездесі өткізілді. Айтулы тақырыпқа жиналғандардың қатарында арнайы психолог маман және Теміртау қалалық мешітінің бас имамының қызметтік міндетін уақытша атқарушы және мешіттің наиб имамы Митератбек Орынбекұлы қатысты. Аталмыш мәселе жөнінде шариғат бойынша кеңінен айтып, ежелден дана халқымыз «Тәрбие – тал бесіктен» -деген өсиетін насихаттады. Әрине өз-өзіне қол жұмсап, өлуге әрекет жасағанға Ислам діні де, қаймана қазақ халқы да дұрыс еместігін баса жеткізген. Халық назарына құқық қорғау қызметкерлері суицидтің алдын алу жайында мейілінше насихат жұмыстарын жүргізсе деген ұсыныстар алға қойылды.
Пікірлер