Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл тоғызыншы жыл өз жұмысын жалғастыруда. Осы бағдарлама негізінде ауыл-аймақтардағы мекемелерге қол ұшын созып жатқан жастар көп. Солардың біразы бүгін Шет ауданындағы «Жанқұтты би» мешітінің ауласын тазалап, сенбілік жасады. Мешіт айналасындағы арам шөптерді жұлып, тырмалап, көркейтті. Жайқалып өсіп тұрған гүлдер мен жас бұтақтарға су құйып, аулаға көрік беріп кетті. Мешіт маңайы жайқалып тұр. Бас имам Берік қажы Алпысбайұлы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген студент жастарға шын алғысын білдіріп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз хатшысы
Пікірлер