Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде маусым айының 17-сінен басталған діни сауат ашу курсы әлі де өз жалғасын табуда. Сабақ уақыты таңертеңгі 8:30-нан 13:00-ге дейін және Ақшам мен Құптан намазы аралығында өтіледі. Қазіргі кезде шәкірттердің саны 60-қа дейін жетті. Олардың 25-сі жас балалар, 20-сы ересек адамдар, 15-і қыз балалар. Онда мешіттің бас имамы Саликов Мұхамметқали, ұстазы Әбдіғали Естай және арнайы қыз балаларға Алпысбаева Гүлай есімді азаматша дәріс беріп жатыр. Сабақ барысында Құран әліппесі мен сүрелері оқытылып, иман негіздері және дін мен дәстүр құндылықтары баса насихатталып, шәкірттер білімдерін шыңдап, иман нәрін барынша сіңіруде.
[gallery link="file" ids="18409,18410,18413,18414,18415,18416,18417,18418,18419,18431,18432,18433,18434"]
Дайындаған: Саран қаласы, ұстаз, Әбдіғали Естай
Пікірлер