Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қажылық парызын өтеуге асығайық
13 тамыз, 2015 жыл 134 Басып шығару нұсқасы

Хабарландыру!


Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылыққа байланысты туындаған мәселелерді отандастарымыздың пайдасына шешіп, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізді.


2015 жылғы қажылық маусымының басты жаңалығы – тұңғыш рет Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Жидда (яғни, Мекке қаласына) бағыты бойынша тікелей рейстің ашылуы. Бұл – Қазақстан қажылары үшін мол мүмкіндік, үлкен жеңілдік.


Құрбан айт мерекесі қыркүйек айының 24-іне тура келетіндіктен, Сауд Арабиясының талабы бойынша құжаттар тек тамыз айының 25-іне дейін ғана қабылданады. Сондықтан қажылық парызын өтеуге ниет еткен отандастарымыз ертерек қамданып, асығуы қажет. Сонымен қатар Қажылар Мекке мен Мадина қалаларында қыркүйек айының 11-і мен қазан айының 15-і аралығында қажылық құлшылығын өтейтін болады. Қажылық парызын қысқа мерзімде өтеймін деушілерге ең азы 13 күнді құраса, ұзақ уақытқа барамын деушілер үшін 28 күндік арнайы рейс те ашылды. Демек бүгінде елімізде қажылыққа баруға тамаша мүмкіндіктер туып отыр. Тек осыны жете ұғынып, бұл қолайлы мүмкіндікті жіберіп алмау қажет. Өйткені, Алла Тағала Әли Ғимран сүресінің, 97-аятында: «Мұнда келуге шамасы келген адамның бәрі Алла үшін сол үйге (Қағбаны) қажылық жасауға міндетті»,-деп қажылық құлшылығын мұсылмандарға жүктеген. Ал Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кім Алла Тағаланың ризалығы үшін қажылық жасап, жаман сөз бен іс-қимылдан аулақ болса, анасынан жаңа туған сәбидей күнәларынан тазарып, еліне қайтады»,-деген.


 Қабыл болған қажылықтың сыйы – жәннат екенін де ұмытпайық ағайын!


ҚМДБ Қажылық Миссиясы



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары