Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Арманшыл қыз Исламға келді
13 тамыз, 2015 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

Таяуда  Саран қалалық мешітіне 14 жасар Люба есімді орыс қыз келіп, ата-анасының рұқсатымен және жан дүниесінің қалауымен  Ислам дінін қабылдағысы келетінін жеткізді. Және осы шешімге іштей көп дайындалып, Ислам жайлы мешітке келіп, имамдардан сұрап білген екен. Жас қыздың асқақ арманы орындалды. Жұдырықтай жүрегі исламнан тыныштық тауып, басқан әрбір қадамының берекесін көруде.  Осы ретте мешіттің жас ұстазы Әбдіғали Естай  дінге келген Любаға кәлимә шәһәдәтты айтудың мән-маңызын  кеңінен түсіндіріп,  Исламның бірінші парызы «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» сөйлемін шынайылықпен, ниет етіп айту керектігін тарқата айтты.  Сондай-ақ, Ислам дініндегі қыз баланың және әйел кісінің орны мен  ақысы жайында уағыз насихаттады. Ендігі кезекте Любаның арманы мешітке үнемі келіп, ұстаздардан дәріс алғысы келеді.  Мешіт ұжымы да арманшыл жас  буынға "Мейірімі шексіз Алладан пайдалы ілім нәсіп етсін"- деп тілейді.


 Әбдіғали Естай, Саран қаласы


[gallery link="file" ids="18374,18375"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары