Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде асхана салынып жатыр. Жаңадан бой көтерген бұл бөлме ескі асханаға қосалқы салынған. Қажетті құрылыс материалдары алынып, бүгінде қабырғасы қаланды. Ғимарат шатыры соңғы үлгіде қаланбақ. Қыстың қақаған суығына төтеп бере алатын 3 қабатты әйнек салыну көзделуде. Мердігерлер пластикалық есік, терезелерді орнына қоюда еш қиындық тудырмайды деп отыр. Едендері ауыр салмаққа төзімді, жылу ұстап тұратын құрылыс материалынан төселеді. Мердігерлер асхана құрылысын күзгі салқын түспей аяқтауды мақсат етіп отыр. Енді бұл асханада бір мезетте 240 адамды қабылдай алатын болады. «Бала қажы» мешіті осылай көркейіп жатса, нұр үстіне нұр. Бұл игі іске бастама болып отырған басшылыққа өз ризашылығымызды білдіреміз.
Пікірлер