Бүгінгі таңда діни экстремизм жайы күллі адамзат атаулысының басты мәселесіне айналып отыр. Бұл жайында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қарағанды облысына қарасты имамдарымен өткен кезекті жиында сөз қозғады.
Қарағанды облыстық орталық мешітінде өткен басқосу отырысына облыс әкімінің дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Қарағанды қалалық «Нұрлы Білім» қоғамдық бірлестігінің басшысы Рүстем Сыздықов қатысушылардың қатарында болып, отырыс жиынына арқау болған тақырыппен, статистикалық мәліметтермен бөлісті.
Өкіл имам экстремизмнің алдын алу шараларына байланысты халықты әсіресе жас буындарымызға дәстүрлі дінді кеңінен насихаттауды, ата-бабадан жалғасып келе жатқан асыл дінімізді көркем түрде жеткізе білу керектігін баса айтты. Имамдардың күн тәртібіндегі негізгі жұмыстардың бірі - жат ағымдармен бейбіт түрде күресу, адасқан бауырларға дұрыс түсіндірме шараларын атқару назардан тыс қалмау керектігі айтылды. Өңірде осы кезеңге дейін өңірде бір емес, бірнеше рет өткізіліп келе жатқан алқалы жиында жат ағымдармен күресу жұмыстары бойынша ауыл, аудандарды аралап, нәтижелі жұмыс істегені үшін бірқатар аудан имамдарының жұмысына оң баға берілді. Жиынға қатысқан басқа да имамдар мешіттердегі діни тұрақтылығы төңірегінде есептер беріліп, мешіт жұмыстары пысықталды.
Пікірлер