Қазіргі таңда халық арасында діни нанымдарымызбен салт-дәстүрлерімізге үйлеспейтін әртүрлі ұстанымдар, діни жат ағымдар көбеюде.
Ағымдағы жылдың 30-ші шілде күні РАНТ-ның білікті ғалымы, еліміздің іргелі ұстазы Ризабек Батталұлы бастаған уағыз-насихат тобы Балқаш қаласының Локоматив депосында уағыз жүргізді, онда Балқаш қаласының бас имамы Түсіпбеков Асылхан Рахымжанұлы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Асемханова Гүлнар Базылханқызы және Балқаш қалалық Әулие Никольский шіркеуінің иериі Виктор Михаилович Мунтянда қатысты. Ризабек Батталұлы бүгінгі күннің басты тақырыбы болып тұрған жат діндердің аса кең тарауы, қоғамға қауіп төндіруі мүмкін және «Қоғамға іріткі салатын жат діндер еліміздің ертеңі болатын жастардың санасын уламауы қажет екенін, ақпарат көздерінің ауқымды дамуындағы заманда жастардың дұрыс бағыттан адаспауы үшін дәстүрлі дін өкілдері мен қажетті мамандардың жөн сілтеу бағытына бет бұруы маңыздылығын айтты.
Уағыз – насихаттау тобы Қарағанды облысы тұтынушылардын құқықтарын қорғау Департаментінің Балқаш қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында және АК 159/21түзету колониясымен Балқаш қаласының Әкімшілігінде жалғасын тапты. Бұл жиынға қызметкерлермен жазасын өтеушілер қатысты. Бұл шарада барлық жиналған қызметкерлерге діннің мәнін терең түсіндірді. Дәстүрлі және дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың ара-жігін ажыратып уағыз айтты. Сонымен қатар бүгінгі ақпарат көздерінің ауқымды дамуындағы заманда жастардың дұрыс бағыттан адаспауы үшін дәстүрлі дін өкілдері мен қажетті мамандардың жөн сілтеу бағытына бет бұруы маңыздылығын айта кетті.
Бұдан кейін мешіт жамағатымен екінті намазынан соң кездесу өтті. Ризабек Батталұлы террорлық, экстремистік топтар жайлы және теріс ағымдар жайлы да айтып, ақиқатында, асыл дініміздің жоғары адамгершілікті дәріптейтінін, өлтіру, өртеу, қырып-жою, қиянат дегендер дінімізге мүлде жат екендігін нақты дәлелдермен түсіндіріп және намаз оқудың мәні мен маңызы жайында уағыз-насихат айтты. Жамағаттың қойған бірнеше сұрақтарына жауапты көркем уағыздары арқылы тереңінен жеткізді.
Пікірлер