Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жастар форумындағы өзекті ой
27 шілде, 2015 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

 23 шілде күні Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылында дін қызметкерлерінің қатысуымен жастар форумы өтті. Ауылдың мәдениет сарайына “Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін 50-ге жуық азамат жиналды. РАНТ-ның мүшесі, «Салауатты қоғамдық» бірлестігінің төрағасы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы, теолог Тағаев Нұрбол мен «Жанқұтты би» мешітінің наиб имамы Әкімтай Аңсар жиналған жастарға діни экстремизмнің алдын алу жолдарын насихаттады. Қоғамда белең алып жатқан дәстүрлі дінімізге жат өзге ағымдардың қармағына ілініп қалмау үшін көкірек көзіміз ояу болу қажет. Бұл бүгінгі жиынның басты мақсаты. Еліміз егемендік алып, қанатын кеңге жая бастағанда дін саласы да еркін дами бастады. Осы тұста құйтырқи оймен тыныш жатқан елдің арасына кіріп, арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін кейбір топтар жас сананы улайды. Сол себепті, такфиршілер, жихадшылар, салафиттер және т.с.с., алдауына арбалып қалмау жолдары айтылды. Өзін танып білмеген, діни сауатын ашқысы келген әрбір жан мешіт қабырғасынан ілім алуы қажет. Сондықтан, елдің ертеңін ойлаған дін қызметкерлері зайырлы мемлекетіміздің тұтқасын берік ұстау ниетімен осындай жиындарды жиі өткізіп тұруды басты мақсат етуде.


 


«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз хатшысы


Шет ауданы


[gallery link="file" columns="5" size="medium" ids="18201,18202,18203,18204,18205"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары