Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Құқық қорғаушылармен кездесу
27 шілде, 2015 жыл 74 Басып шығару нұсқасы

 Жезқазған қаласына қарасты Балқаш қаласында орналасқан №2 полиция батальонында діни қызметкерлермен кездесу өтті. Балқаш қаласы мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажының ұйымдастырумен өткен кездесу діни экстремизм мәселесін талқылау мақсатына құрылған. Жиынға полияция қызметкерлері мен Конфессияаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Адамия Көкманұлы қатысты. Қоғамда белең алып жатқан діни мәселелер жайлы айтылды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылғы Жолдауында діни экстремизм күн тәртібіндегі мәселе деп атап өткен болатын. Сондықтан, бұл мәселені ескермей қалмауымыз қажет деген Асылхан қажы Рахымжанұлы құқық қорғау қызметкерлерімен алдағы күндеде бас қосып, елімізде террорлық әрекеттерді болдырмаудың алдын алу мақсатында жиындар өткізе бермек. Бүгінгі күннің басты тақырыбы болып тұрған жат діндердің аса кең тарауы, қоғамға қауіп төндіруі мүмкін. «Қоғамға іріткі салатын жат діндер еліміздің ертеңі болатын жастардың санасын уламауы қажет. Біз ол үшін бүгіннен әрекет етуіміз тиіс» дейді бас имам.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз хатшысы


[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="18207,18208"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары