Нұра аудандық мешіттің ұйымдастыруымен шілде айының 23 де азаматтар қолдау көрсетіп, өнегелі іс жасады. Мешіт азаншысы Балабиев Аягөз көпбалалы отбасының 14 баласына аяқ-киім табыс етті. Дана халқымыз «Садақаны сауыңда бер», — дейді. Қайырымдылыққа үлес қосушы азаматтарға ауданның бас имамы Құмар Қоныскерей рахметін айта келе, бала-шағасына амандық, кәсіптеріне береке, ризық-несібелеріне қайырлы етіп беруін Алла Тағаладан дұға етіп тілейміз,-деді.
Пікірлер