Бүгін Майқұдықтағы «Горняк» ықшамауданында халал шағын дәмханасы ашылды. Барша қауымды адал асымен тамақтандыратын «Тұрсынай апа» кафесі күнделікті жұмыс атқаратын болады. «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмуд қажымен ақылдаса ашылған, тек халал өнімдерді ғана ұсынатын шағын дәмхана бір уақытта 70-80 адамды қабылдай алады. Мекемені өз қаражатына ашып отырған Юнусов Бекзат Нигматуллаұлы «Мұсылман қауымы адал еңбекпен табылған халал ас ішуі керек. Бұл өңірде халал асханалар жоқтың қасы. Сол себепті мол сауапқа кенелу мақсатында ашып отырмыз», - дейді қуана. Шағын дәмхана таңғы 10.00-ден кешкі 18.00-дейін жұмыс істейтін болады. «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Дариев Берік Әлсейітұлы дәмхананың ашылу салтанатына қатысып, қайырлы істің қайырымын беруін тілеп, «Адал ас тұтынған халықтың ұрпағы дені сау, білімді, текті болады» деп құттықтады.
«Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы
Пікірлер