Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Зекет» қоры ауылдағы ағайынға ат басын бұрды
23 шілде, 2015 жыл 68 Басып шығару нұсқасы

Мұсылман сипаттарының бірі – бауырмалдық пен мейірімділік. Хадисте: «Сендердің ешбірің өзіне қалағанын дін бауырына қаламайынша, толық иман келтірген болмайды» деген. Бұл адамдар арасындағы шынайы қасиет. Әсіресе мұсылман бауырың үшін барыңды салып қолдау көрсету қайырлы істің абзалы. Бүгінде осындай сауапты шараны атқаруға ықпал жасап, қоғамдағы қайырымды істерді дамытуға үлес қосудың үрдісі кең етек алып келеді.  Атап айтқанда, жуырда дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығымен облысымыздағы «Зекет» қорының төрағасы болып жаңадан тағайындалған Еркебай Жұматаев тағы бір ауқымды істің ілігін тапты. Осы қордың ұйымдастыруымен шағын отбасының мұқтажын жеңілдетуге үлес қосты. Құрылыс жұмысында жүріп жарақат алған Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылының тұрғыны, І-ші топтағы мүгедек Надралиев Мақсатқа үйде және сыртта пайдалануға арналған екі дана  қоларба сыйға берілді. Осы аудан имамы Аманбол Рымқұлұлымен бірге Мақсаттың халін сұрап, жанында болып сабырлыққа шақырып, аяққа тұрып кетуіне дұға жасады. «Зекет» қорының қарымды істерін жүйелі жалғастырып жатқан Еркебай Жұматаев келесі бір қайырлы істі жасауға ниеттеніп қойды.


Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" size="medium" ids="18105,18106,18107,18108,18109,18110"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары