Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Махмуд қажы Нурұлы «Қазақ» радиосына сұқбат берді
20 шілде, 2015 жыл 130 Басып шығару нұсқасы

 «Қазақ» радиосының толқынында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің бас имамы Махмуд қажы Нурұлы Рамазан айы және Ораза айттың қасиеті туралы келелі сұқбат берді. Барша Қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, елге тыныштық, береке тіледі. Сондай-ақ, айт мерекесін тойлатқанда бойды таза ұстап, туыс-бауыр, ағайын-жекжат, дос-жаранмен көрісу басты негіз екенін баса айты. Қасиетті ай мен орны ерекше айт мерекесі туралы айта берсеңіз, көңілге тоқитын ойлар ұлан асыр. Бас имам Махмуд қажы сол ойларды жүйелеп, реттеп 20 минуттық уақытқа тоғыстырды. Тілшінің қойған сауалдары халықтың көкейінде жүрген мәселелерге яғни, Рамазан айында адамзаттың бір Аллаға құлшылық етуі, бұл айға жауапкершілікпен қарауы және де Ораза айтын өз дәрежесінде тойлай білу, халықтың болашағы болып келетін жастардың санасын ояту сынды өзекті тақырыптар қамтылды. Жастарға сабақ боларлық ойлар айтылып, ілім үйренуге шақырды. Өйткені, саналы адамның ғана көкірегі ояу болады. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Ей, Әбу Зәрр! Таңертең үйіңнен шығып, Құраннан бір аят үйренуің сен үшін 100 ракаат нәпіл намаз оқығаннан да қайырлы. Сол секілді таңертең үйіңнен шығып, ілімнен бір бөлім үйренуің сен үшін мың ракаат нәпіл намазын оқудан қайырлы.» деген (Ибн Мажә). Адамға ілім алудың қаншалықты сауап екендігін пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы бір хадисінен білуімізге болады. Ілім – дүние мен ақырет бақытының кілті. Құран Кәрімнің 670 жерінде ілім жайында баян етіледі.


Бір сағаттың үштен бір бөлігін қамтыған сұқбаттың өзегі – Рамазан айы мен Ораза айттың қадір-қасиетін насихаттап қана қоймай, жас-кәрінің жүректеріне иман нұрын шашу болды.



«Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы


[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="18003,18004"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары