Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шаттыққа толған Ораза айт
20 шілде, 2015 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

 Ораза айт мерекесін тойлауда «Бала қажы» мешіті шет қалған жоқ. Бүгін таңертеңгілік мешіт ішіне толған жамағаттан ине шаншар орын болмады. Жиналған жамағатты мешіттің бас имамы Махмуд қажы Нурұлы Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айттың қасиеті, осы күні істелген амалдардың тиер сауабы жайлы уағыз айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мадинеге келген кезінде жергілікті тұрғындардың тойлайтын екі күні бар еді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Алла тағала сол екі күннің орнына сендерге олардан әлде қайда жақсысымен алмастырды. Біреуі Рамазан айт, екіншісі-Құрбан айт» деген. Айт мерекесіне шын ықыласпен жиналған жамағат айт намазын оқып, соңынан мешіттің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға белсенді қатысты. Соның ішінде арқан тарту мен қол күресі қызықты өтті.  Жиналған қауым дән-риза болып тарқасты.


 


«Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы


[gallery size="medium" link="file" ids="17988,17989,17990,17991,17992,17993"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары