Шет өңірінде Рамазан айы аяқталып қалды деп қол қусырып отырған ешкім жоқ. Жаны адал жайдарман ағалар ауыз бекіткен мұсылман жамағатқа ауызашар беруін әлде де тоқтатқан емес. «Жанқұтты би» мешітінің асханасында аудандық салық басқармасының бастығы Жақия Ділдәбеков және аудандық соттың төрағасы Бурибаев Дәулет Хайдарұлы бірігіп 120 адамға ауыз ашар берді. Ораза ұстаған мекеме басшылары, қызметкерлері, ақсақалдар алқасының төрағасы, зиялы қауым өкілдері арнайы шақыртылып, дәмді дастарханның қонағы болды. Бас имам Берік қажы Алпысбайұлы уағыз айтып, Алладан сауап болсын деп жылы лебізін білдірді. Келесі рамазан айына амандықпен жетуді тіледі.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз хатшысы
Пікірлер