Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұжымы мен Қарағанды өңірі бойынша Жалпы және жастар ісінің меңгерушісі Мадияр Мейіржанұлы Қазбек би аудандық үйде әлеуметтік көмек көрсету орталығына қарайтын қарттар үйіне барып, үлкендерімізді Ораза Айт мерекесімен құттықтап келді.
Мешіт атынан құттықтап келген жастарды ата-апаларымыз әдетінше жақсы көңіл-күймен күтіп алып, мерекеге орай құтты болсын айтты. Қадірі қасиеті ерек айда апаларымыз тегіс ораза ұстап, бір Аллаға деген құлшылықтарын жасап отыр екен. Әрбірінің бөлмесіндегі сөрелерден қасиетті Құран Кәрім мен тәсбиықты көріп, біздің де көңіліміз бір марқайып қалды. Аузынан Алланы тастамайтын қарт апаларымыз өздерінің ақ баталарын беріп, өсіп келе жатқан барша жастарымызға тілектерін жеткізді. Сондай-ақ мерекеде ғана емес жай күндері де келіп, хал-жағдайларын сұрап кететін Алла үйінің қызметкерлеріне, ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлына ризашылығын білдіріп жатты.
Жылы жүздесудің соңында қарттарымызға Мадияр Мейіржанұлы: «Әрбіріңіздің тұтқан оразаларыңыз қабыл болып, әрдайым дендеріңіз сау болсын.» - деп, Ораза Айтқа және бір аптаға жетерлік азық-түліктерді табыстады.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер