Құлшылықты құлшынып атқаруға мүмкіндік берілетін қасиетті қадір түнінде Қарағанды қалалық №1-мешіті көтеріңкі көңілмен келген жамағатқа лық толы болды. Бас имам Орманбет қажы Болатұлының жоғары деңгейде ұйымдастыруы нәтижесінде жоспарлы іс-шаралар тізбектеліп атқарылды. Мешіт асханасында толықтай ауызашар беріліп, қадір кешіне жиналғандарды бас имам Орманбет қажы құттықтап, РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы ұстаз тағылымы мол уағыз айтты. Тарауих намазында ораза айының алғашқы кешінде оқып басталған хатым аяқталып, ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы батасын жасады. Жамағаттың ыстық ықыласына бөленген Асылбек пен Алмасбек атты қос қариға бас имам жамағат атынан алғыс хат табыстады. Бағдарлама реті бойынша намаздан соң жамағатқа уағыз насихаттар айтылып, нәпіл құлшылықтар жасалды. Сәресі ретінде даярланған мешіт асханасындағы дәмнен екі дүркін тамақтанған бұқара халық таң намазын оқып тарқады.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер