Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Игі жақсылар ауызашарға жиналып, Алладан ақ тілек тіледі
16 шілде, 2015 жыл 261 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қалалық мешітінде қаладағы зиялы қауымдарға, үлкенді-кішілі арда азаматтарымызға,  өнер иелеріне және т.б. мүмкіншілігі шектеулі жандарға ауызашар өткізіп, халыққа  Оразаны кеңінен насихаттап келеді. Ораза тұту мен ауыз бекіткен адамға ауыз аштырудың еселеп жазылатын сауапты амалдары кеше Теміртау қалалық мешітінде атқарылды. Аталмыш мешіт әкімдер мен қаладағы кіспкерлерге арнайы дастархан жайып, асыл діннің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген жандарды күтіп алды. Ауызашарда әдеттегідей Құран оқылып, уағыздар кезекпен-кезек айтылды.  Құрметпен шақырылған қадірлі қонақтарға Бас имам Рамазан – дұға мен тілек айы жайында уағыз жүргізіп, «Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) өмірбаяны» атты кітабынан кәсіпкерлерге сыйға ұсынды. Шақырылған қонақтарда өз кезегімсен алғы сөздер айтып, шын пейілмен ақ тілектерін жеткізді. Берекеге толы бірлікті отырыс әлі де жалғасын таба бермек. Алла әрбір пендесінің имандылығын, жақсылығын арттырып, адамдар арасында татулық мәңгі  ту  болсын  дейміз.


Теміртау қалалық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery columns="5" link="file" ids="17865,17866,17867,17868,17869"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары