Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қадыр түнінде «Бала қажы» мешітіне 3000-ға жуық халық жиналды
16 шілде, 2015 жыл 88 Басып шығару нұсқасы

Мұсылмандар үшін Қадыр түнін мешітте, қасиетті жерлерде өткізудің маңызы үлкен. Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне сыйлаған қасиетті Қадір түнінде Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде ауызашар берілді.  Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожаұлы  «Бала қажы» мешітіне арнайы келіп, барша жамағатты ұлық түнмен құттықтады. Ауызашардан соң «Бала қажы» мешітінің бас имамы Махмуд қажы Нұрұлы келген халыққа жылы лебіздерін білдіріп, ислам құндылықтарын және Қадыр түнінің қасиеті туралы уағыз-насихат айтты. Нәпіл намаздар оқылды. Ауызашарға келген игі жақсылар да кезекпен сөз алып, жамағатқа қасиетті Қадыр түнінде жасаған дұға-тілектердің, ұстаған оразалардың қабыл болуын тіледі.


Рамазан айы басталғаннан бері мешіттің ұйымдастыруымен ауызашарлар беріліп жатыр, күніне жүз жиырмаға жуық адамға дастархан жайылды, сонымен қатар Бас мүфтидің Үндеуіне орай қайырымдылық шаралар өткізілді. Мешітке қолұшын беріп жүрген дінге жанашыр азаматтардың көмегі де орасан зор.


Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы


[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="17850,17851,17852,17853"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары