Теміртау қалалық мешіті жыл сайынғы қалыптасқан үрдістің негізінде мешіт асханасында алдымен ауызашар ұйымдастырып, кең көлемде ауыз бекіткен жандарды құрметпен күтті. Ауқымы мол ауызашарда мешіттің найб имамы Митератбек Орынбекұлы «Рамазан – мыйң айдан да қайырлы» тақырыбында уағыздарды насихаттады. Рамазанның қадір-қасиетін насихаттау барысы мешіт намазханасында жалғасты. Бас имамы Қанат Анасұлы асылға толы рамазан айына құттықтау сөз айтып, дініміздегі ұлық айдың дара екенін, Қадір түнінің сауапты екенін өз уағызына арқау етті. Қадір түні жайында айтылған уағызлар таңға дейін үзілмеді. Тарауық намазы мен нәпіл намаздарының арасында жамағат тарапы мешіт имамдарынан өздеріне қажетті деген сауалдарына кеңінен жауып алды. Қадір түні кешінде БАҚ өкілдері де Теміртау қалалық мешітінен табылып, бас имам Қанат Анасұлыннан сұқбат алды. «Сфера» телеарнасының тілшісі бас имаммен қатар бұқара көпшілікпен де салиқалы сұқбат жүргізді. Қасиеті ерекше қадір түнінде Алла әрбір пендесінің құлшылық-ғибадаттарын, ниет-дұғаларын қабыл етіп, әрдайым жақсылықтың жаршысына ғана жиналуды нәсіп қылғай.
Теміртау қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер