Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Зекет қоры – жақсы бастамаларға негіз болды
15 шілде, 2015 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

Әлімсақтан белгілі дана халқымыз  зекет берудің үкімі мен еселеп жазылатын сауаптарына жіті мән беріп,  ізгілікке толы амалдарын айырықша атқара білген. Бүгінде қараша халыққа пайдасын молынан тигізетін бұл шарапатты істі Қарағанды өңірі бойынша «Зекет» қорының жетекшісі әрі өкілі Еркебай Жұматаев жүйелі жоспардың негізінде бірқатар жұмыстарды ретімен атқарып келеді. Таяуда Рамазанның құрметіне бір күннің ішінде төрт отбасының шаңырағына барып, жағдайымен танысып, қор атынан  азық-түліктер табыстады. Саран қаласына арнайы барған қор ұжымы бір шаңырақта сегіз бала тәрбиеленіп жатқан отбасымен кездесті. Қордың өкілі Е.Жұматаев көпбаланы өсіріп отырған  әз ананың өлшеусіз қызметіне Алладан күш-жігер тілеп, балаларының қызығын көруді нәсіп етсін деген ақ  ниетін жеткізді. Бұл кездесулермен қатар, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандардың шаңырағы да елеусіз қалмады. Барлық үйдің үлкендерімен салиқалы сұқбат жүріп, 100 мың теңгеден аса жұмсалған азықтар әр үйге үлестірілді. Үй иелері өз алғыстарын жеткізіп, қадірі мол Рамазан айында Алла алдарыңыздан жарылқасын деген ақжарма тілегін айтып жатты. Зекеттің зерделі, пайдалы істері әлі де жалғасын таба беретініне сенім мол.


Қарағанды қаласы


[gallery columns="2" link="file" size="medium" ids="17819,17820,17821,17822,17823,17824,17825,17826,17827,17828,17829,17830,17831,17832,17833,17834,17835"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары