Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жетімнің жүрегін жібіткен дәріс
11 шілде, 2015 жыл 76 Басып шығару нұсқасы

 Бүгін «Бала қажы» мешітінде ата-ана қамқорлығынан жырақта жүрген, жетім балақайларға Алланы тану туралы дәріс оқылды.


Жетімдер үйінен арнайы келген жас бүлдіршіндер Наиб имам Зулжаладдин Мадиярдың Жаратушы жайындағы қызықты сабағын мұқият тыңдады. Ұстаз Алланы тану, хақ дініміз ислам және оның құндылықтары, Рамазан айы, ораза тұтушыға берілетін сауаптар жайлы дәріс оқыды.  Әртүрлі ұлттан жиналған жетімдер, сабаққа ден беріп тыңдап, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды. Қасиетті дініміз Исламның құндылықтарын көкейлеріне түйіп алды. Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) танып, оның өмір жолы туралы мол ақпаратпен қанықты. Тіпті мен мұсылман боламын деп, ынта білдіргендер де табылды. Жетімдердің жанарында от лаулап, жарқын болашаққа деген сенім ұшқындап тұрды.


Осылайша мешіт жамағаты «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, біршама балақайдың жүрегіне сенім ұялатып, сауапты іс атқарды.


Ата-ана мейірімінен алшақ жүрген бүлдіршіндерге Алланың шапағаты жаусын!



«Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы


[gallery columns="2" size="large" link="file" ids="17726,17727"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары