Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінде маусымның 1 жұлдызынан бастап балалардың күндізгі лагері өтіп жатыр. Лагерьдегі балаларға діни сабаұтар өткізіп, түрлі іс-шараларға демеу болу үшін бас имам Б.Алпысбайұлы Қарағанды Қ.М арнайы Ершат Аманжолұлын шақыртты. Дәріс 9.00-ден кешкі 17.00-ге дейін болады. Түске дейін құран әліппесі, фиқһ, пайғамбарымыздың өмір баяны, тажуид пәндерінен дәріс берілед. Мешіт асханасынан түскі ас әзірленіп, бесін намазы жамағатпен бірге оқылады. Түстен кейін әртүрлі спорттық ойындар мен діни мультфилм көрсетіледі. Қарағанды Қ.М директоры Д.Рахимбеков және ұстаз Фархат лагерьге арнайы келіп, балалардың арасында сұрақ-жауап жүргізіп, алып жатқан білімдерін жоғары бағалап, тәтті дәмділерін таратты.
Қасиетті Рамазан айында лагерьдегі балалар мешіттке келіп бас имам Б.Алпысбайұлының уағыз-насихатын тыңдады.
Ораза айының бірінші күнінен бастап сауат ашу курсы ұйымдастырылып, оған Майқұдық қаласындағы медресе шәкірті Елшат Аманжолұлы дәріс беруге арнайы алдарылды. Төлепбай Толғанайдың ұстаздығымен қыз балаларға бөлек дәріс жүргізілуде.
Осылайша биылға рамазанда балалар шат-шадыман!
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі
Шет ауданы
Пікірлер