Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінде «Экстремизм – тұрақтылыққа төнген қауып» деген тақырыппен дөңгелек стөл өтті. Жиынға 15-21 аралығындағы жасөспірімдер, қызыметкерлер, ақсақалдар және «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы қатысты. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері М.Құнанбаева, А.Төлеукеновалар жасөспірімдерімізге хақ дін туралы мағлұмат беру мақсатында ліни экстремизм тақырыбына терең тоқталды. Дін адам өмірінде маңызды орын алады. Атап өтсек адамдарды біріктіреді, жерлестік, руластық, сыйластық, адамгершілікке тәрбиелеп, тазалыққа баулыйды. Бас имамы Б.Алпысбайұлы экстремизм, терроризм және жат ағымдар туралы мол ақпарат берді. Үлкен өмірге аяқ басқан жоғары сынып оқушыларына діни сауатты мешіттен ашұандары дұрыс екендігіне ерекше назар салынды. «Дін ұстай алсаң - қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» деген аға буын өкілдері жастардан ата-бабаларымыз ежелден ұстанып келе жатқан асыл дінімізді қасіретті дертке айландырмауды талап етеді. Бас имам жас ұрпаққа жөн сілтеп, дұрыс пен бұрысты айыратын бағыт-бағдар көрсету, тәлім мен тірбие беру – сіз бен біздің міндетіміз дей келе, осы іс-шараны ұйымдастырып отырған кітапхана қызметкерлері мен басшыларына алғысын айтты. Соңында ақсақалдарымыз батасын беріп, елдің саулығын тілеп тарқасты.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі
Шет ауданы
Пікірлер