Қасиетті Рамазан айын барша мұсылман мейлінше сауапты амалмен өткізуге бар ынта жігерін салады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде ораза ұстаушының аузын аштырған адамның сол оразашының сауабындай сауап алатынын айтқан. Иә, ораза – мұсылман үшін парыз. Аллаға сенген адам Рамазан айы келгенде ауыз бекітіп, Исламдағы бес парызының бірін орындайды. Дегенмен, ораза кезі-тек ауыз бекітумен шектеліп қалмай, өзге де құлшылықтар мен игілікті істерді көптен-көп жасайтын кезең. Өйткені, бұл уақыттарда жәннат есіктері ашылып, шайтандар кісенделеді, яғни сауапты мейлінше молынан жинап қалуға «таптырмайтын» шақ. Осыған байланысты Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттін үндеуі бойынша «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмұд қажы Нұрұлы Октябрь ауданы азық-түлік, дүкендерінде бағаның жеңілдітер мен танысып қайтты.Рамазанды ерекше құлшылықпен, сауапты істермен өткізу арқылы оны шынайы қайырымдылық пен мейірімділік айына айналдыра білген еді. Иә, өзгеге қайырымдылық жасау, мұқтажға көмек беру, жабыққанға жәрдем ету – Рамазандағы ең қайырлы амалдардың қатарынан.
Пікірлер