Шет ауданы рамазан айын үлкен жауапкершілікпен қарсы алды. «Жанқұтты би» мешіті алдына «Қасиетті рамазан мүбәрәк болсын», «Рамазан айы мүбарәк болсын» және Ақадыр кентінде «Ораза айы мүбәрак болсын, Құрметті Ақадырлықтар» деген билбордтар ілінді. Мешіттердің аулалары тазаланып, шөп шабылып, әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Демеушілер арқылы мешіт асханасына арнайы Туркия қаласынан перделер алынып ілінді.
Ішкі-сыртқы безендіру шараларынан соң, іс руханы бағытқа көшті. 16 маусым күні ауыл молдаларымен оразаға байланысты жиналыс болды. Жиында ай бойына атқарылар игілікті шаралар: мешіттерде тарауих намазын үзбей оқу, оразаның қасиеттері, ислам құндылықтары туралы уағыздар айту, сауат ашу курсын ұйымдастыру, балалар лагерін өткізу, т.с.с. мәселелерді қолға алу қарастырылды.
Ораза айының бірінші күнінен бастап сауат ашу курсы ұйымдастырылып, оған Майқұдық қаласындағы медресе шәкірті Елшат Аманжолұлы дәріс беруге арнайы алдарылды. Төлепбай Толғанайдың ұстаздығымен қыз балаларға бөлек дәріс жүргізілуде.
Аудандық баспасөзде игі шараны қолға алған. «Шет шұғыласы» газетіне ҚМДБ-ның бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының қасиетті рамазан айына байланысты халыққа үндеуі жарыққа шықса «Оразаларыңыз мүбарак болсын, құрметті жамағат!», «Сағына күткен рамазан» атты мақалалар мен қатар ораза кестесі жарияланды.
Мешіттерде ауызашар беріліп, уағыздар айтылып, ислам құндылықтары насихатталып жатыр.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі
Шет ауданы
Пікірлер