Әбу Нуаймнан жеткен риуаятта: «Бір сағат ілім үйрену, түннен таңға дейін ғибадат етуден құндырақ. Бір күн ілім үйрену, үш ай ораза ұстаудан құндырақ»-деп, ілім үйренудің артықшылығы мол екенін жеткізген. Осындай сара жолдың ізімен бүгінде Бұқар жырау аудандық мешітінде үлкен-кішіге арналған дәрістер өз мерзімімен жүргізілуде. Аудандық мешіттің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлының бастамасымен мешітте дәрістерге кесте құрылып, оң нәтижелерінің нәтижесінде мешіт жұмысы жемісті. Ал, бар уақыттарын ілім-білім үйренуге жұмсаған жас балалардың жазғы демалыстары еш кетпеуде. Әсіресе жазғы сауат ашу курсы басталғалы мешіт жұмыстарына «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Асылхан Темірханов қолғабыс болып, алған ілімін жас шәкірттерге үйртуде. Балалар бұл аралықта қысқа сүрелерді, ата-анаға, жақын жандарына арналған дұғаларды, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуді мейілінше үйреніп алды. Көнекөз қарттарымыз Құран кітабымен рухани байып, айналасындағы көпшілікке осы бір зерделілігімен үлгі болғаны зор мақтаныш. Бұл жайында бас имам А.Рымқұлұлы алдағы уақытта сауат ашу курсының жұмыстары өз жалғасын табатынын жеткізді. Алла Тағала ілімге құштар әрбір пендесіне білімнің қайырлысын берсін дейміз.
Пікірлер