Асыл дініміз жақсылық жасауды, ілімді үйренуді, үйренген білімді өзгеге үйретуді насихаттайды. Қасиетті Құран кітапта да ілім алудың сауабы мол екенін көптеп келтірген. Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тікелей тапсырмасымен жазғ сауат ашу курсы жұмыстары жүргізілуде. Шахтинск қалалық мешітінің бас имамы Досбол Сейдалиевтің ұйытқы болуымен мешітте балаларға арналып дәрістер өткізілуде. Мешітке ата-аналарымен келіп жүрген балалардың діни ілім үйренуі мен жазғы уақыттарын тиімді пайдаланғанын көпшілік қолдайтыны анық. Осы мақсатпен күнделікті өткізіліп жатқан дәрістерде балаларға ислам діні жайында мәліметтер беріліп, зейінді балаларға аят-хадистер үйретілуде. Алған дәрістері қызықты өту үшін балаларға сурет салу тапсырмалары да берілді. Қызықты ойындарды ойнату барысында балаларға жамандық жасамауды, әрдайым әдепті болуды, жақсы оқуды кеңінен насихатталды. Осылайша бірінші тоқсандық та өз мәресіне жетті. Балаларға алғыс хаттар беріліп, исламға құрметі жоғары болсын деп тәспілер үлестірілді.
Пікірлер