ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілі, Қарағанды облыстық орталық мешітінің Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Қарағанды облысы әкімдігінде өткізілген алқалы жиында облыс әкімі Н. Әбдібеков өңірдегі діни тұрақтылықты сақтай отырып, жамағат ауызбіршілігін нығайтуда елеулі үлес қосқаны үшін Ө.Қазкенұлына алғыс білдіріп, Елбасы атынан төсбелгі мен куәлікті арнайы табыстады.
Марапаттау рәсімінде өкіл имаммен бірге Қарағанды, Шахтинск қалаларындағы проваслав шіркеулерінің епископтары мен діни қызметкерлері де ие болды.
Пікірлер