Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының биылғы қасиетті Рамазан айына жариялаған үндеуіне Шет өңірі де қолдау білдіріп, мешіт жамағаты бірлесе сауапты істер атқаруда. «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Маханбетчин Берік қажы Алпысбайұлының тікелей басқаруымен Қырғыз елінің Бішкек қаласынан Исаков Елхам қари Сұлтанұлы хатым Құран түсіруге арнайы шақыртылды. Рамазан айында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Жебірейіл періштеге Құранды басынан соңына дейін оқып беретін болған. Сондықтан қайыры көп қасиетті ораза айында Құран хатым түсіру сүннет болып қалған. Шарапаты мол игілікті істі бас имам Берік қажы Алпысбайұлы да үрдіске айналдыруда. Елхам қари аталмыш мешітте осымен үшінші жыл қатарынан Құран хатым аударып келеді. Мешітке жиналған үлкенді-кішілі жамағат Қасиетті Құранды ұйып тыңдады. Соңынан Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын деп дұға оқылды.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі
Шет ауданы
Пікірлер