Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарттарға құрмет пен ізет көрсетілді
02 шілде, 2015 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Шарапаты мол шапағатты айда Алладан береке тілеп ауызашар беретіндер жақсы істе жарысып бағады. Айналамызда осындай екі дүниеге сауапты кештер көптеп атқарылып жатыр. Күнделікті мешіт жамағатына берілетін ауызашардан бөлек қамкөңіл қарттарымыз бен мұқтаж кісілерді құрметтеуді дәстүрге айналдырған №1-мешітте қаламыздағы қарттар үйінің тұрғындары қонақта болды. Бас имам Орманбет Болатұлы қарияларды тұрғылықты мекен-жайларынан арнайы көлікпен алдырып, мешіттегі ауызашар дастарханына отырғызды. Асылбек қаридың оқыған құран аяттарына қол жайған қарияларымыз дүниеден өткендерін еске алып дұға бағыштап, көңілдері босап марқайып қалды. Дұға мен тілектің қабыл болатын уылжып тұрған сәтінде, ақ ниетпен ашылған дастархан басында «көп тілегі көл» деген қағидаға сай ел амандығы мен жұрт тыныштығы тіленді.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" size="medium" ids="17562,17563,17564,17565,17566,17567"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары