Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің рамазан айына байланысты Қазақстан халқына жолдаған үндеуін қолдай отырып, және Қарағанды өңірінің өкіл имамы Өмірзақ қажының тапсырмасын орындау барысында Саран қаласында игі істер атқарылуда. Атап айтқанда қала әкімінің ұйымдастыруымен мекеме жетекшілері, жеке кәсіпкерлер бірлесе отырып, рамазанның алғашқы күндерінде мешіт асханасында мұсылмандарға ауызашар берілді. Рамазанның алғашқы он күндігінде бес жүзден астам ораза ұстаған қандастарымызға ауызашар берілді. Қала сауда дүкендеріне қасиетті рамазан айында тауарларды халыққа төменгі бағамен сату ұсынылды. Саран қаласындағы түрлі нан, тоқаш басқа да күнделікті тағам өндіретін «Ласточка» атты наубайхана жетекшісі жеке кәсіпкер Собри Урманұлы өз өнімдерінің бағасын төмендетіп қала мешітінде күнделікті берілетін ауызашарға тағамдарын тегін беруді ұйғарып іске асыруда. Қала мұсылмандары игі бастамаға ризашылығын білдіріп қасиетті рамазан айында жақсылық жасайтын адамдардың қатары көбеюде. Берекелі рамазан айы құтты болсын ағайын!
Пікірлер