Қадірлі Рамазан айымыздың басталғанына да 14 күн өте шықты. Рамазан – мейірімге толы кешірім айы. Әрбір мұсылман баласы қайырымы мол рамазанда айналасындағы жандарға жақсылық жасап, ізгі амалдарды атқаруға барын салып, қолғабыс етіп келеді. Осы сауапты істердің ішінде ауыз бекіткен пендеге дастархан жайып, ауыз аштыртудың жолы жоғары. Алланың өзі ғана беретін сансыз сауабынан құр қалмауға ұмтылатын, күннің аптап ыстығына төтеп бере алатын кісіге ауыз аштырудың маңызы мол. Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) хадисінде: «Кімде-кім ораза ұстаушының аузын аштырса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады»-деген. Исламдағы асыл құндылықтардың қадірлілігін сақтай отырып, көпшілікті Теміртау қалалық мешітің ұжымы күн сайын мешіт асханасына шақырып, ораза ұстаған жандарға ауызашар өткізуде. Бас имам Қанат Анасұлының бастамасымен ауызашарға мешіттің жамағаттары қатысты. Бейбіт заманда кеңінен жайылған дастарханның басында Рамазанның қадір-қасиеті, маңыздылығы жайында әсерлі уағыздар насихатталды.
Теміртау қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер