Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Рухани шаралар - рухымыздың жан азығы
30 маусым, 2015 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті рамазан айымызда бас имамымыз Орманбет қажы Болатұлы дін мен дәстүр сабақтастығын арттырып, осы айда мешітке келетін қалың жамағатқа діни түсінікті арттыратын рухани шараларды барынша арттыруды жоспарлаған болатын. Осы негізде күндіз мешітке пітір садақа беруге келген халыққа ораза мен пітір садақаның мән-маңызын түсіндіру жұмыстары мен дін мен дәстүр сабақтастығын артыратын іс-шаралар өз кезегінде жалғасып жатыр. Ауызашар кешінде бейнероликтер көрсетіліп, жалпы халыққа ораза жайлы дайындалған кітапшалар таратылып, сәбиге азан шақырып ат қоюдың сүннетпен сабақтасқан игі іс екендігі дәріптелуде. Сонымен қатар, мешіт асханасындағы кешкі ауызашарлар мен тарауих намаздарына республикаға белгілі дінтанушы ұстаздар кезегімен шақырылып, жамағатқа тұщымды насихаттар айтылуда. Осындай игі істердің қатарында РАНТ мүшелері Ризабек Батталұлы, Нұрбол Тағаев, Қарағанды облыстық мешітінің 1-ші наиб имамы Серік Құрманов қазақ және орыс тілдерінде ораза айының ерекшеліктері мен мұсылман қауымының бірлігі, мазхаб ұстанудың маңызы, ер мен әйелдің өзара міндеттері турасында уағыздар айтты. Бұл игі шаралар оразаның алғашқы онкүндігінде атқарылған болса, алдағы күндері өз жалғасын табатын болады.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" size="medium" ids="17487,17488,17489,17490,17491,17492,17493,17494,17495,17496,17497"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары