Теміртау қаласының жергілікті «Сфера» телеарнасы осы күнге дейін асыл дініміздің игі құндылықтарын бұқара халыққа кеңінен насихаттап келеді. Рамазан айындағы шығарған ақпарлары мен бағдарламалары жергілікті тұрғындарға зор септігін тигізуде. Осы орайда Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы аталмыш телеарнаның тілшісіне танымы мол сұқбат берді. Бағдарлама түсірілміне бас имам Рамазан айының қадір-қасиеті, басқа айлардан артықшылығы жайын дәріптеді. Оны екі айдан да қайырлы айда сауапты да ізгі амалдар көптеп атқарылуын тілеумен бірге - жерлестеріміздің ұстаған оразасы қабыл болсын, - деп сөзін аяқтады.
Теміртау қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер