Аптаның қасиеті мол қастерлі жұма күні Теміртау қалалық мешітінің наиб имамдық қызметіне жаңа қызметкер тағайындалды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен 15-ші маусымнан бастап тағайындалған Адамкулов Нурсултанды Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы жиналған көпшілікке арнайы таныстырды. Маман Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2015 жылғы түлегі. Сондай-ақ өмір жолындағы жаңа қызметі Теміртау қалалық мешітінен басталғаны турасында хабардар етілді. Бас имам жаңа қызметке келген наиб имамға асыл дінімізге жанашыр болатынына, дін Исламды кеңінен насихаттайтынына зор сенім білдірді. Осылайша жаңа орынбасардың болашағына сәттілік пен қызметіне толағай табыстар көптеп айтылды.
Теміртау қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер