Балқаш қалалық мешіттің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы Рақымжанұлы: «Барша халықты тарауих намазын оқуға шақырамын!»
Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух Асылхан қажы Рақымжанұлы! Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Алланың рақымына бөленген пенделер ораза устап, мол сауапқа ие болып жатқан осы уақытты пайдаланы, өзіңізден сұхбат алуды жөн санадық. Бүгінде ислам дініне бетбұрушылардың саны артып келеді. Олардың дені жастар. Осы жастардың көкейінде жүрген бірнеше сауал бізді де қызықтырды:
Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкіршілік айтамыз. Аллаһқа шүкір дейік, жылдан жылға ниет етіп шын ықыластарын білдіріп ораза ұстаушылар жылдан - жылға көбейіп келеді. Күннің аптап ыстығына қарамастан Алла Тағаланың парызы екенін біліп, түсініп ораза ұстауда.
Болады. Бірақ ұстамаған күдері үшін қазасын өтейді. Мысал келтіре кетсек Алла Тағала Құрани Кәрімде былай дейді: «Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын» (Бақара сүресі, 185 аят.) Әр адам 30 күнде әртүрлі сауаптарға кенеледі.
Әбу һурайра (р.а) жеткізген хадисте: «Расулаллаһ (с.а.у): «Кімде кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Аллаһтан ғана күтіп, түн намазы (тарауих пен тәһәжжүн намазын) үзбей оқыса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі»,-деп айтты»-делінген (Бұхари, иман 37; Муслим, салатүл-мусафирин 173). Жәнеде әр адам әртүрлі сауаптарға кенеледі
Аталмыш намазды оразаны тұтқан да, тұтпаған да оқыса сауапқа кенеледі. Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген. (Сахих Муслим – 759 хадис. Имам Науаи шархы).
Тарауих намазы оқу бекітілген сүннет және жамағатпен орындауы абзал. Бірақ жеке өзі оқысада болады. Тарауих намазы – жиырма рәкат. Әрбір төрт рәкат намаздан кейін дем алынып, бой жазылғаны үшін «тарауих» деп аталған. Тарауих – дем алу, тынығу, деген сөз.
Осы ретте барша халықты тарауих намазын оқуға шақырамын. Ораза ұстаушылардың ниетін Аллаһ қабыл етсін, жыл сайын көбеюге нәсіп еткей.
Сізге Алланың нұры жауып, тұтқан оразаңыз қабыл болсын!
Балқаш қалалық мешіті
Кәусар Сабыр
Пікірлер