Балқаш қаласының басшылар қалалық мешітте екі күн қатарынан 150 адамға арнап ауызашар берді. Айлардың сұлтаны болған рамазан айы – жақсылық пен береке айы. Ораза адамға ауызашар беріп, оразасын ашқызған адам үлкен сауапқа кенелмек. «Бір момынның аузын ашсаң, кенелерсің мол сауапқа...» деп ұрандатқан басшылықтың қайырымы мол амал жасап, атқарып отырған игі істері тек біл емес. Бүгінгі берекелі дастарханнан ауыз тиген жамағат дән риза болып, шын ықыластарын білдірді. Мешіттің бас имамы Асылхан қажы Рақымжанұлы ораза тұтқан жамағаттың ниеттері мен дұғалары қабыл болуын тілеп, қала басшылығына дән ризашылығын жеткізді. Ауызашар соңында жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтылып, ислам нұрынан нәр себілді. Қариялар ақ батасын тілеп, Тарауих намазын ниет етті.
Балқаш қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер