Рамазан - жақсылыққа, береке бірлікке толы мүбәрак ай. Бұл айда жасаған құлшылық-ғибадат, істеген қайырымы мол амалдардың сауабын Алла Тағала береді. Жасалатын әрбір жақсылық Алла үйінен бастау алуы да заңдылық. Бұл ретте рамазан басталғалы мешітте мерекеге орай бірқатар маңызды шаралар атқарылуда. Жамағат жанының тыныштығы бола білген мешітімізде арнайы отырыс өткізілді. Рамазанның себебімен бас қосқандардың қатарында Қарағанды облыстық ораталық мешіттің найб имамы Б. Қосмағамбетов, аудандық ТЖ бастығы Е.Добаров, аудан имамы А.Р.Мукаев және ауыл молдаларының барлығы қатысты.Бұқар жырау ауданы " Жыржыс қажы" мешітіндегі бұл жиында осы күнге дейінгі рамазанға жоспарланған шаруалар реті пысықталып, кейбір мәселелер жайы айтылды. Сонымен бірге осы күні мешітте көгалдандыру жұмыстары өтіп, аулаға гүлдердің түптері отырғызылды. Жұмыла кіріскен жамағаттың бір мезгілде тездетіп атқарған шаруасына Алла разы болсын дейміз.
Бұқар жырау "Жыржыс қажы" мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер