Ұлық айда ұлағатты істерді ізгі ниетпен атқарудың өзіндік сауаптары мол. Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіретіміз халықты рамазан айымен құттықтай отырып, қайырымдылық шараларды атқаруда басымдық көрсетуге үндеген болатын. Осы орайда Қарағанды №1-мешітінің бас имамы Орманбет Болатұлы мүгедек балаларға қайырымдылық шара ретінде тәттілермен сыйлық жасады. Рамазан айының артықшылықтары мен қасиеті жайында уағыз айтып, сабырлық пен шүкірлікке шақырды. Ата-аналар мен балаларға Жаратқаннан жақсылық тілеп бата берді.
Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер