Балхаш мешітінде бір Аллаға сыйынып, құлшылығын үзбей жүрген мешіттің жамағат апайлары 140 аузы берік жанға ауызашар берді. Мешіт жамағаты қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап қайырымды істермен айналысуда. Ауыз толтырып айтар бүгінгі ерекше жағдай жамағат апайлардың тікелей ұйымдастыруы өтті. Өнегелі үлгі тұтарлық іс әркімге сабақ болары хақ. Жиналған қауым дәмді астан жеп, апайларға шын ықыластарын білдірді. Дастархан соңында Балхаш қаласы мешітінің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбеков барша халықты Рамазан айының кіруімен құттықтап, апайларымызға осындай игі істерге атсалысып жатқандарына үлкен рахметін айтып, ризашылығын білдірді. Ардагер қариялар бата жасап, ел тыныштығын тілеп, жастарымыздың иманы артып, ұрпағымыз тату да берік болуын тіледі.
Биылғы оразада Балхаш мешітінде жылдағы үрдіспен күнделікті ауызашар беру жалғасып келеді. Мешіттің асханасында демеушілердің қолдауымен 120 адамға арналған ауызашар дастарханы кеңінен жайылып, арнайы қонақтар шақырылуда. Ауызашардың алғашқы күндері қала басшылары, ардагер қариялар, қоғамдық істерге атсалысып жүрген азаматтар арнайы шақырылса, келесі күндері өңірдің зиялы қауым өкілдері, БАҚ қызметкерлері, кәсіпкерлер мен қаламыздың сыйлы азаматтары берекелі дастарханның қонағы болды.
Бас имам Асылхан қажы ауызашар барысында оразаның қасиеті, тарауих намазының пайдасы жайлы уағыздар айтып, Ислам құндылықтарын насихаттап, зиялы қауымды және жастарды игі істерге шақыруда. Мешітте күнделікті тарауих намазы оқылып, барша жұрт ертеңгі ауызашармен құлақдар етіледі.
Рамазан айында жасаған істеріңіз сауаптан жазылып, Алла тағала елімізге, жерімізге береке беріп, мол ризығын жаудырғай!
Пікірлер