Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облыстық орталық мешіті бәйге жариялайды!
23 маусым, 2015 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

Мейірім мен шапағатқа толы қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарағанды облыстық орталық мешіті  шығарма бәйгесін  жариялайды.


Тақырыптар:


"Менің алғашқы оразам"


 «Нұрға толы Рамазан»


 «Қабыл болсын оразаң - таза болсын ар иман»


 «Сауапты іс –береке бастауы»


Жүлделер:


I-орын 50мың теңге


II-орын 30 мың теңге


III-орын 20 мың теңге  және ынталандыру сыйлықтары ұсынылады.


Бәйге талаптары:




  1. Мақала қазақ тілінде жазылуы тиіс;

  2. Бәйгеге тек қана Қарағанды өңірінің тұрғындары қатыса алады

  3. Ұсынылған мақала 14 қаріпімен терілгенде, А4 форматындағы 2беттен аспауы тиіс;

  4. Қолданылған жағдайда Құран аяттары мен пайдаланылған әдебиеттердің сілтемелері көрсетілуі керек;

  5. Мақаланың электронды нұсқасы мен қатысушы туралы мәлімет (толық аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы, қызметі) 2015 жылдың шілде айының 9 жұлдызына дейін zhastar_2015@mail.ru поштасына жіберілуі тиіс. Бәйге қорытындысының марапаттау рәсімі қадір түні(13 маусым) тарауих намазынан соң өткізіледі.


Ескерту: Байқауға қатысушы әр адам осы тақырыптар жайлы оқыған-білгенін өз сөзімен көркемдеп қағаз бетіне түсіруі тиіс. Кітапта жазылған сөзді көшіріп басу – шығармашылыққа, әсіресе мұсылманшылдыққа жат екенін естеріңізге саламыз.


Қоржынға түскен мақалалар мешіттің Ihsan.kz сайтында жарияланып отырады.


Байланыс үшін телефон нөмірі: 8771 336 2245 Мадияр Мейіржанұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары