Сағына күткен Рамазан айының қадір-қасиеті мен сауабынан үміт еткен №1-мешітінің жамағаттары сауапты амалдарды арттыруда. Бас имам Орманбет Болатұлы тарауих намазының толықтай хатыммен өтуіне ықпал жасап, белгілі дінтанушы Ерсін Әміре ұстазбен бірге «ижаза» алған қариларды арнайы алдырды. Күндізгі мезгілде мешіттің сыныбында ақжаулықты аналар мен қазыналы қарттар, мешіт жамағаттарына арнап бір парадан хатым оқу дәстүрі де жалғасып жатыр. Бұқара халыққа арналып дайындалған «Қош келдің, қасиетті Рамазан!» атты кітапша екі мың данамен шығарылып тегін таратылды. Күн сайын мешіт асханасында ауызашар дастарханы жайылып, жамағаттың береке мен бірлігі бекемделуде. Сауапты амалдар сабақтасып жатқан рамазан айының әрбір күні зікірмен, әрбір кеші дұғамен көмкеріліп жатыр.
Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер