Бүгінде имамдарымыз ізгілікке толы айдың мән-маңызын халық арасында кеңінен насихаттап, Рамазанға қатысты дұрыс мәліметтермен жіті таныстырып келеді. Осы орайда Қарағанды облыстық орталық мешітінде «Қош келдің Рамазан!» атауымен баспасөз отырысы болып өтті. Жергілікті БАҚ өкілдерімен өткізілген отырысқа қала, аудандық мешіттердің бас имамдары қатысты.
Төртінші билік өкілдері қасиетті Рамазанға қатысты бірқатар сауалдарын жолдап, халық арасында айтылып жүрген кейбір деректердің анық-қанығын сұрап білді. Қос тілде өткізілген жиында биылғы пітір садақаның мөлшері, Айт намазының уақыты айтылып, Қарағанды бойынша жасалған ораза буклеттері таратылды.
Барша мешіттерде ай басынан бері қызу дайындық жүргізілуде. Ауқымды дайындықтың жайы баспасөз отырысынан соң да талқыланып, тағы бір мәрте пысықталды.
Биылда жылдағы игі дәстүрден жаңылмай қаладағы халық көп жүретін көрікті орындарындағы банер, бильбордтарда, қоғамдық көліктерде ҚМДБ тарапынан ұсынылған құттықтау плакаттары ілінген. Мереке қарсаңында қаламыздағы қадірлі қарияларымызға, ардақты азаматтарымызға ашық хат(откыртка) ізгі ниетпен жолданып қойылған.
Қарағанды облыстық баспасөз қызметі
Пікірлер