Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын риуаят етеді «Зекеті берілмеген мал-мүліктер айдаһарға айналып, иесінің мойынына оралады» - деп айтып, мына аяти кәриманы оқыды: «Хақ Тағаланың ихсан етіп берген мал-мүлкінің зекетін бермегендер осы тірліктерімен байлықтарын сақтап қалып, өздеріне жақсылық жасадық деп ойлайды. Ал негізінде өз-өздеріне жамандық жасады. Ол мал-мүліктер жаһаннамда азап құралдарына айналады, жылан кейпінде мойындарына оралып, бастан аяққа дейін шағады.» (Али Имран-180, Ибни Мажә)
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмұд қажы Нұрұлы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының арнайы бағдарламасында «Зекет – бес парыздың бірі (Зекет пен садақаның айырмашылығы)»- жайлы сұхбат берді. Зекет Рамазан айында берілсе, сауабы молынан болатыны жөнінде түсіндіріп, садақа берудің маңыздылығына тоқталды. «Судың отты сөндіргеніндей садақа да күнәларды жояды.» (Тирмизи)
Пікірлер