Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балғын балаларымыз кинотеатрдан мультфильм тамашалады
11 маусым, 2015 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітіндегі  жазғы сауат ашу курсының балдырғандары  барынша қуанышқа кенеліп, таңертеңнен түске дейінгі уақыттарын пайдалы әрі қызықты етіп өткізуде. Курстың жүйелі бағдарламаларының негізінде балалар бірқатар  шараларға да  қатысты. Кеше екі топтың балалары мешіт ұстаздарымен бірге «Сарыжайлау»   кинотеатрына барып, тегін мультфильм тамашалап келді.  Осылайша мультфильм көріп қайтқан ұл-қыздарымыздың көңілдері бір серпіліп қалса,   ата-аналар өз ризалықтарын жеткізуде.  Күн сайын балалардың шат-шадыман күйге бөленуі, аз уақыттың ішінде қысқа сүрелерді жаттап алуы мешіт ұжымы үшін де зор жетістік. Ал, курстың келесі бағыты қаламыздағы мұражайға, зообаққа бару жоспарлануда.


 Қарағанды облыстық орталық мешіт


[gallery link="file" size="medium" ids="17168,17169,17170,17171,17172,17173"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары