ҚМДБ-ның өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының дәстүрге айналдырған тапсырмасы бойынша өңірдегі мешіттерде жазғы діни сауат ашу курстары өз деңгейінде атқарылуда. Соның қатарында Қарағанды қалалық №1-мешіті жанындағы діни сауат ашу курсындағы балаларға арналған «Көңілді жаз - 2015» бағдарламасы бойынша өтіп жатқан шараға қатысқан жеткіншектерге дәріс өту барысында спорттық ойындар ұйымдастырылған. Сондай-ақ жоспар бойынша бір сәт табиғат аясына тыныстап, көңілді серуен өткізу мақсатында кеше балалар бас имам Орманбет Болатұлының ұйымдастыруымен қаламыздағы зообаққа саяхат жасады. Алланың әр мақұлықты өзіне тән мінез бен тұрпат беріп, мінсіз етіп жаратқан жаратылыстарын көріп, жануарлар әлемімен танысып, Жаратқанға шүкір еткен балаларға балмұздақ пен шырындар таратылды.
Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер