ҚМДБ тарапынан әр өңірлерге жүйелі тапсырмалар беріліп, мешіттерімізде айтарлықтай істер атқарылуда. Оның бірегейі - жазғы сауат ашу курсы. Бұл ретте мектеп жасындағы балалар жазғы демалыстарын бос өткізбей, мешіт ұстаздарынан исламның негізгі құндылықтарын үйеренуде.
Жыл сайынғы игі дәстүрмен ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен Қарағанды облыстық орталық мешітінде оқушылардың жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.
Маусым айының 02-сі күнінен басталған сауат ашу курсына мектеп жасындағы ұл мен қыз балалар қабылданды.
Жазғы сауат ашу курсында Фатиха сүресінен бастап шамасы жеткенге дейін дұғалар мен сүрелер үйретілуде. Сонымен бірге мешіт ұстаздары үлкенді құрметтеу, әдепті болу, жақсылық жасау, дәрет алу сынды асыл дініміздің әліппесін барынша үйреніп алуға көмектесуде. Діни іліммен қатар аулада ұл балалар футбол ойнап, қыз балалар түрлі ойындарды ойнап, түскі мезгілде мешіт асханасында тамақтануда.
Р.S. Хатибтан жеткен риуаятта: «Бала кезде үйренілген нәрсе, тас үстіне қашалған жазба сияқты қалады. Ал қартайған кездегі үйрену болса, судың үстіне жазылған жазуға ұқсайды.»-деп, жеткізілгеніндей бүгінгі атқарылып жатқан іс-шаралар өскелең ұрпаққа зор септігін тигізуде.
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Пікірлер